«Рудный қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы
талдамалық анықтама
Рудный қ. 2026 жылғы 16 қаңтар
Рудный қалалық мәслихаты төрағасының 2025 жылғы 1 желтоқсандағы №27 нқ «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкімі негізінде «Рудный қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Аппарат) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жұмыс тобы 2026 жылғы 5-16 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жеморлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Аппарат қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Аппараттың ұйымдастырушылық-бақылаушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Аппараттың қызметі «Рудный қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже негізінде жүзеге асырылады.
Құзырет мәселелері бойынша мәслихат сессияларында қабылданатын шешімдер жергілікті өкілді органның актілері болып табылады. Мәслихаттың нормативтік құқықтық шешімдерінің мониторингі «Құқықтық актілері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабына сәйкес жүзеге асырылады. Мониторингтің нәтижесі актілер қолданыстағы заңнаманың нормаларына сәйкес келмеген жағдайда уақтылы шаралар қабылдау болып табылады. Қалалық мәслихаттың нормативтік құқықтық және құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Мәслихат шешімдерінің барлық әзірленген жобалары жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамадан өтеді. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын шешімдер жобаларының кәсіпкерлер Палатасы филиалының қорытындысы бар. Барлық нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу рәсімінің алдында әділет органдарында келісу рәсімінен өтеді.
2.1. Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау:
Аппарат қызметкерлерінің штат саны 6 бірлікті құрайды: оның ішінде мәслихат төрағасы – 1, мемлекеттік қызметшілер – 5 бірлік. Аппараттың 2 бас маманы лауазымы бос.
Мемлекеттік қызметішлер өз лауазымдық міндеттерін орындау кезінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне сәйкес еңбек тәртібін, талаптары мен нормаларын сақтайды.
Аппараттың мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарында олардың құқықтары мен міндеттері толық көрсетілген, қызметкерлердің міндеттерін қайталау фактілері жоқ.
2025 жылы қызметкерлер тағылымдамадан және біліктілікті арттыру курстарында оқытудан өткен жоқ.
Есепті кезеңде «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс кандидаттардың болмауы себебінен өткізілген жоқ.
Барлық мемлекеттік қызметшілер жыл сайын мемлекеттік кірістер органдарына кірістер туралы декларацияларды уақтылы ұсынады.
Бұқаралық ақпарат құралдарына жүргізілген мониторинг («Рудненский рабочий» қалалық газеті, Рудный қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы, Рудный қалалық мәслихатының ресми интернет-ресурсы) аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне қатысты теріс жарияланымдар болмағанын көрсетті.
Аппарат қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, тәртіптік жауаптылық, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар жасағаны үшін жауапкершілікке тарту фактілері жоқ.
Аппаратта сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдар анықталған жоқ.
Осы бағытта сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
2.2. Мүдделер қақтығысын реттеу:
Туыстық байланысы бар немесе ерлі-зайыптылар болып табылатын Аппараттың мемлекеттік қызметшілері тығыз бағыныста немесе өзара іс-қимылда жұмыс істемейді, мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың туындау қаупі жоқ.
2.3. Мемлекеттік қызметтер көрсету:
Аппарат мемлекеттік қызметтер көрсетпейді.
2.4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру:
Аппарат рұқсат беру функцияларын іске асырмайды.
2.5. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру:
Аппарат бақылау функцияларын іске асырмайды.
2.6. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу:
Ағымдағы жылы Аппаратты ұстауға бюджет қаражаты бөлінді, 001 «Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша 56163,0 мың теңге бөлінді. Оның 56163,0 мың теңге, немесе жоспарға 100% игерілді.
Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақша түсімдері мен шығыстары болған жоқ. Демушілік және қайырымдылық көмек қаражатының түсімдері мен шығыстары жоқ.
Аппараттың бюджеттік бағдарламалары «Ашық бюджеттер» порталында орналастырылды.
Мемлекеттік сатып алу бекітілген мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау қағидаты бойынша мемлекеттік сатып алуды тиісінше жүргізу, мемлекеттік сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығы қамтамасыз етіледі.
Өткен кезеңде Аппаратта 44 мемлекеттік сатып алу жүргізілді, оның ішінде: баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – 3, тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден -41.
Мемлекеттік сатып алуды тиісінше жүргізу қамтамасыз етіледі, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
2.7. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу:
2025 жылы заңды тұлғалармен 44 шарт жасалды, оның ішінде 44 шарт орындалды, бұзушылықтар анықталған жоқ.
2.8. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану:
Аппарат ақпараттық жүйелерді әзірлемейді.
Аппаратта мынадай ақпараттық жүйелер пайдаланылады: ЭҚАБЖ, МОИП, «Е-қызмет» АЖ, «ҚБЭА» АЖ, «e-Otinish» АЖ. Ашық үкімет порталдарында «Ашық НҚА» және «Ашық бюджеттер», элетрондық еңбек биржасында, МО ИРБП жеке кабинеттер бар.
2.9. Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәелелер:
2025 жылы 54 өтініш, оның ішінде заңды тұлғалардан 3 өтініш және жеке тұлғалардан 51 өтініш келіп түсті.
Барлық өтініштер қаралды, өтініш берушілерге заңнамада белгіленген мерзімде жауаптар берілді (түсіндірілді-19, ведомстволық бағыныстылығы бойынша қайта жіберілді-35).
Прокурорлық қадағалау актілері түскен жоқ.
Есепті кезеңде мемлекеттік органға қатысты тексерулер жүргізілген жоқ.
Мәслихат төрағасының азаматтарды қабылдау кестесі ақпараттық стендте және қалалық мәслихаттың сайтында орналастырылған.
Сыйбайлас жемқорлыққа жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша «Рудный қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Рудный қалалық
мәслихатының төрағасы А. Искаков
КЕЛІСІЛДІ
«Рудный қалалық мәслихатының
аппараты» ММ аппарат басшысы Д. Калеева
«Рудный қалалық мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері
туралы талдамалық анықтамаға
қосымша
«Рудный қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі |
|
Рудный қалалық мәслихатының төрағасы |
Жоқ |
Анықталған жоқ |
|
|
Аппарат басшысы |
Жоқ |
Анықталған жоқ |
|
|
Құрылымдық бөлімше басшысы |
Жоқ |
Анықталған жоқ |
|
|
Бас маман |
Жоқ |
Анықталған жоқ |
|
|
Бас маман |
Жоқ |
Анықталған жоқ |
|
|
Бас маман (бухгалтер) |
Жоқ |
Анықталған жоқ |