Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық құрылыс
бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жер учаскесіне
қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 1-тармағы 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, өтініш негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Рудный қаласы, Восточная көшесі, 39 квартал мекенжайы бойындағы төменгі қысымды газ құбырын төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,0513 га жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Рудный қаласының әкімі В. Ионенко