«Рудныйсоколовстрой» акционерлік қоғамына
жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 1-тармағы 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, өтініш негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Рудный қаласы, Топорков көшесі, № 66 үй маңы мекенжайы бойында байланыс желісін төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,00503 га;
Рудный қаласы, Топорков көшесі, № 66 үй маңы мекенжайы бойында электр беру желілерін төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,005737 га;
Рудный қаласы, Топорков көшесі, № 66 үй маңы мекенжайы бойында сумен жабдықтау тораптарын төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,010716 га;
Рудный қаласы, Топорков көшесі, № 66 үй маңы мекенжайы бойында кәріз тораптарын төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,01443 га.
Рудный қаласының әкімі В. Ионенко