«Сенім 2016» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

«Сенім 2016» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне

жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

 

 

          Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 1-тармағы   5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының                10) тармақшасына сәйкес, өтініш негізінде, Рудный қаласының әкімдігі    ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Сенім 2016» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Рудный қаласы, Ленин көшесі, 213Б құрылыс мекенжайы бойында абаттандыру және кірме жолдардын төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,0950 га және 0,0350 га жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Рудный қаласының әкімі                                                    В. Ионенко

 

 

Дата публикации
23 января 2026