Рудный қалалық мәслихаты сегізінші шақырылымының сегізінші кезекті сессиясының отырысы
Қатысқандар: 12 депутат, шақырылған адамдар (тізім қоса берілді).
ОТЫРЫСТЫ АШТЫ: Искаков Азамат Куандыкович.
Құрметті депутаттар! Сессиямыздың ашылуына дейін отырысты өткізу тілін анықтауды ұсынамын.
Сессияны орыс тілінде өткізу туралы ұсыныс бар.
Дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Қалалық мәслихаттың сегізінші шақырылымының он екінші кезекті сессиясында 14 депутаттан 12 депутат қатысып отыр, сессия өз жұмысын бастауға құқылы.
Сессия жұмысына Рудный қаласының әкімі, Горняцк және Қашар кенттерінің әкімдері, Рудный қаласы әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысып отыр.
Рудный қалалық мәслихаты сегізінші шақырылымының он екінші кезекті сессиясын ашық деп жариялаймын. Сессия отырысының онлайн көрсетілімі жүргізіліп жатқанын естеріңізге саламын.
Бізге қалалық мәслихаттың он екінші кезекті сессиясының жұмыс регламентін айқындау қажет.
Келесі жұмыс регламентін ұсынамын:
сессия үзіліс жасалып, екі отырыспен өткізілсін;
күн тәртібіндегі мәселелер үшін - 3 минутке дейін;
қалған сөз сөйлеулер, анықтамалар, түсініктемелер, өтініштер мен хабарламалар үшін – 2 минутке дейін берілсін;
шешім ашық дауыс беру арқылы қабылдансын;
дауыс беруді және дауыстарды санауды ұйымдастыруды сессияда төрағалық етуші қалалық мәслихат төрағасына жүргізуді ұсынамын.
Дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
А. Искаков Рудный қалалық мәслихатының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына және Рудный қаласы әкімінің ұсынысы бойынша келіп түскен мәселеге сәйкес құрылған күн тәртібін бекітуді ұсынамын:
Кім осы мәселені күн тәртібіне енгізуді қолдайды, дауыс беруді сұраймын.

Шешім қоса берілді.
А. Искаков Бірінші мәселе «Рудный қаласының 2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы».
Баяндамашы: Жигунова Зоя Витальевна, Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
З. Жигунова Баяндайды (баяндама қоса берілді).
А. Искаков Депутаттардың баяндамашыға қояр сұрақтары бар ма?
Сұрақтар қойылған жоқ.
А. Искаков Аталған мәселе мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысында қаралды. Материалдар депутаттардың қолында.
Рудный қаласының 2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджетін бекітуді ұсынамын.
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Шешім қоса берілді.
А. Искаков Келесі мәселе «Рудный қалалық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы».
Аталған мәселе мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысында қаралды. Материалдар депутаттардың қолында.
Рудный қалалық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітуді ұсынамын.
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Шешім қоса берілді.
А. Искаков Келесі мәселе «Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының 2025 жылғы жұмыс қорытындысы туралы».
Тұрақты комиссиялардың 2025 жылы жүргізілген жұмыстары туралы Рудный қалалық мәслихаты тұрақты комиссияларының төрағаларын тыңдауды ұсынамын.
Сөз Рудный қалалық мәслихатының әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, қалалық және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Александр Геннадьевич Макаренкоға беріледі.
А. Макаренко Баяндайды (баяндама қоса берілді).
А. Искаков Сөз Рудный қалалық мәслихатының халықты әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Жандос Жарылқасынұлы Рахметовке беріледі.
Ж. Рахметов Баяндайды (баяндама қоса берілді).
А. Искаков Материалдар депутаттардың қолында бар. Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының 2025 жылғы жұмысының негізгі қорытындысын бекітуді ұсынамын.
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Шешім қоса берілді.
А. Искаков «Рудный қаласының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» мәселе бойынша.
Баяндамашы: Жигунова Зоя Витальевна, Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
З. Жигунова Баяндайды (баяндама қоса берілді).
А. Искаков Депутаттардың баяндамашыға қояр сұрақтары бар ма?
Сұрақтар қойылған жоқ.
А. Искаков Аталған мәселе мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысында қаралды. Материалдар депутаттардың қолында.
Рудный қаласының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекітуді ұсынамын.
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Шешім қоса берілді.
А. Искаков Келесі мәселе «Қалалық мәслихаттың он екінші кезекті сессиясы жұмысындағы үзіліс туралы».
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 91-бабы 3-тармағына сәйкес «Ауданның маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерін аудандық (облыстық маңызы бар қала) мәслихат аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті бекіту туралы аудандық (облыстық маңызы бар қала) мәслихаттың шешіміне қол қойылғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде бекітеді».
Тиісінше «Горняцк және Қашар кенттерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы» мәселе Рудный қаласының 2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджетін бекіткеннен кейін қарауға жатады, бірақ бір күнде емес.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты, сессия жұмысында 2025 жылдың 29 желтоқсанына дейін үзіліс жасап, мына мәселені сессияның екінші отырысында қарауды ұсынамын:
Горняцк және Қашар кенттерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы.
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Шешім қоса берілді.
А. Искаков Сессия жұмысында үзіліс жарияланады.
Рудный қ. 2025 ж. 29 желтоқсан
Рудный қалалық мәслихаты сегізінші шақырылымының он екінші кезекті сессиясының екінші отырысы
ОТЫРЫСТЫ АШТЫ: Искаков Азамат Куандыкович.
Құрметті депутаттар! Сессиямыздың ашылуына дейін отырысты өткізу тілін анықтауды ұсынамын.
Сессияны орыс тілінде өткізу туралы ұсыныс бар.
Дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Бүгін 2025 жылғы 26 желтоқсанда басталған он екінші кезекті сессияның екінші отырысы.
Сессия отырысының онлайн көрсетілімі жүргізіліп жатқанын естеріңізге саламын.
Қалалық мәслихаттың сегізінші шақырылымының он екінші кезекті сессиясында 14 депутаттан 6 депутат және 5 депутат бейнеконференция тәртібінде қатысып отыр, сессия өз жұмысын бастауға құқылы.
Рудный қалалық мәслихаты сегізінші шақырылымының он екінші кезекті сессиясын ашық деп жариялаймын.
Сессия жұмысына Горняцк және Қашар кенттерінің әкімдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысып отыр.
Бізге қалалық мәслихаттың он екінші кезекті сессиясының жұмыс регламентін айқындау қажет.
Келесі жұмыс регламентін ұсынамын:
сессия үзіліссіз, бір отырыспен өткізілсін;
күн тәртібіндегі мәселелер үшін - 3 минутке дейін;
қалған сөз сөйлеулер, анықтамалар, түсініктемелер, өтініштер мен хабарламалар үшін – 2 минутке дейін берілсін;
шешім ашық дауыспен қабылдансын;
дауыс беруді және дауыстарды санауды ұйымдастыруды сессияда төрағалық етуші қалалық мәслихат төрағасына жүргізуді ұсынамын.
Дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
А. Искаков «Горняцк және Қашар кенттерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы» мәселе бойынша.
Баяндамашы: Жигунова Зоя Витальевна, Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
Қосымша баяндамашылар: Абилов Зейнелғабиден Амангелдіұлы, Горняцк кентінің әкімі, Раймбекова Мадина Қажмұқанқызы, Қашар кентінің әкімі.
З. Жигунова Горняцк және Қашар кенттерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттерінің кіріс және шығыс бөлігінің негізгі болжамды көрсеткіштері туралы баяндады (баяндаманың толық мәтіні қоса берілді).
А. Искаков Депутаттардың баяндамашыға немесе қатысып отырған кенттердің әкімдеріне қояр сұрақтары бар ма?
А. Искаков Горняцк және Қашар кенттерінің әкімдеріне қояр сұрағым бар. Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бөлінетін ақшаға жолдардың өткелдерін жыл сайын қысқы тазалау көзделген. Қазіргі уақытта сіздерде ауылдарда қысқы жолдарды күтіп-ұстауға келісімшарт жасалды ма?
М. Раймбекова Алдын ала жоспар бойынша Қашар кентінде қысқы жолдарды күтіп-ұстауға келісімшарт жасалды.
З. Абилов Горняцк кентінде де келісімшарт жасалды.
Басқа сұрақтар түскен жоқ.
А. Искаков Аталған мәселе мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысында қаралды. Материалдар депутаттардың қолында.
Горняцк және Қашар кенттерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекітуді ұсынамын.
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
А. Искаков Осымен күн тәртібі тәмамдалды.
Депутаттардың ұсыныстары, толықтырулары бар ма?
Ұсыныстар түскен жоқ.
Рудный қалалық мәслихатының он екінші кезекті сессиясын жабық деп жариялаймын. Сессия жұмысына қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіремін.
Қалалық мәслихат төрағасы А. Искаков
Жазбаны жүргізген Н. Додрова