Жоба
Мәслихаттың 2023 жылғы 2 қарашадағы № 76 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Рудный қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
6-тармақтың 12) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«12) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінің есебінде болатын адамдарға, табыстарын есепке алмай, бір рет, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;
13-тармақтың он екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«Осы Қағидалардың 6-тармағының 12) тармақшасында көрсетілген адамдар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы, пробация қызметінің есебінде болуы фактісін растайтын құжаттарды ұсынады.».
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |