сессия хаттамасы 18.12.2025

 

 

 

Рудный    қалалық    мәслихатының

сегізінші              шақырылымының    кезектен тыс сессиясының отырысы

 

 

Қатысқандар: 10 депутат, шақырылған адамдар (тізім қоса берілді).

 

 

ОТЫРЫСТЫ АШТЫ: Искаков Азамат Куандыкович.

 

Құрметті депутаттар! Сессиямыздың ашылуына дейін отырысты өткізу тілін анықтауды ұсынамын.

Сессияны орыс тілінде өткізу туралы ұсыныс бар.

Дауыс беруді сұраймын.

Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.

 

Қалалық мәслихаттың сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясында 14 депутаттан 6-уы және 4 депутат бейнеконференция режимінде  қатысып отыр, сессия өз жұмысын бастауға құқылы.

Сессия жұмысына Горняцк және Қашар кенттерінің әкімдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысып отыр.

Рудный қалалық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясын ашық деп жариялаймын. Сессия отырысының онлайн көрсетілімі жүргілізіп жатқанын естеріңізге саламын.

Бізге қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының жұмыс регламентін анықтау қажет.

Келесі жұмыс регламентін ұсынамын:

сессия үзіліссіз, бір отырыспен өткізілсін;

күн тәртібінің сұрақтары үшін – 3 минутке дейін;

басқа сөз сөйлеулер, анықтамалар, түсініктемелер, өтініштер мен хабарламалар үшін – 2 минутке дейін берілсін;

шешім ашық дауыспен қабылдансын;

дауыс беруді ұйымдастыру және дауыстарды санауды, сессияда төрағалық етуші қалалық мәслихат төрағасына жүргізуді ұсынамын.

Дауыс беруді сұраймын.

Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.

 

А. Искаков Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының күн тәртібін бекітуді ұсынамын. Рудный қаласы әкімінің ұсынысы бойынша күн тәртібіне мына мәселені енгізуді ұсынамын:

  1. Мәслихаттың 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 188 «Рудный қаласының 2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.

Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.

Шешім қоса берілді.

 

А. Искаков «Мәслихаттың 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 188 «Рудный қаласының 2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша сөз Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Зоя Витальевна Жигуноваға беріледі.

 

З. Жигунова Баяндайды (баяндама қоса берілді).

 

А. Искаков Депутаттардың баяндамашыға қояр сұрақтары бар ма?

Сұрақтар қойылған жоқ.

 

А. Искаков Бұл мәселені депутаттар мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында қарады. Мәслихаттың 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 188 «Рудный қаласының 2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне тиісті өзгерістер енгізуді ұсынамын.

Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.

Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.

Шешім қоса берілді.

 

А. Искаков Осымен Рудный қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясының күн тәртібі тәмамдалды.

Депутаттардың ұсыныстары, толықтырулары бар ма?

Ұсыныстар түскен жоқ.

 

Рудный қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясын жабық деп жариялаймын.

 

Қалалық мәслихаты төрағасы                                                        А. Искаков

 

Жазбаны жүргізген                                                                           Н. Додрова

Дата публикации
22 декабря 2025