Рудный қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 588 «Қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы

 

 

 

 

 

 Рудный қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 588 «Қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы

 

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Рудный қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 588 «Қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7802 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
  2. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз ету.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Рудный қаласының әкімі                                                       В. Ионенко

 

 

 

 

Дата публикации
22 декабря 2025