Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 4 мамырдағы №588 «Қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы» қаулысының жобасына
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Рудный қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 4 мамырдағы №588 «Қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» қаулысының жобасы (бұдан әрі - қаулы жобасы) әзірленді.
Осы қаулының жобасын әзірлеудің мақсаты актіні Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкестендіру болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VIII Бюджет Кодексімен 56-бапқа жергілікті атқарушы органның коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу бөлігінде өзгерістер енгізілді, осыған байланысты Рудный қаласы әкімдігінің «Қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» 2018 жылғы 4 мамырдағы №588 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7802 болып тіркелген) күші жойылады.
Қаулы жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Қаулы жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылуға жатпайды.