сессия хаттамасы 5.12.2025

Рудный    қалалық    мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясының отырысы

 

 

Қатысқандар: 11 депутат, шақырылған адамдар (тізім қоса берілді).

 

 

ОТЫРЫСТЫ АШТЫ: Искаков Азамат Куандыкович.

 

 

Құрметті депутаттар! Сессиямыздың ашылуына дейін отырысты өткізу тілін анықтауды ұсынамын.

Сессияны орыс тілінде өткізу туралы ұсыныс бар.

Дауыс беруді сұраймын.

Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.

 

Қалалық мәслихаттың сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясында 14 депутаттан 7-уі және 4 депутат бейнеконференция режимінде  қатысып отыр, сессия өз жұмысын бастауға құқылы.

Сессия жұмысына Горняцк және Қашар кенттерінің әкімдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысып отыр.

Рудный қалалық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясын ашық деп жариялаймын. Сессия отырысының онлайн көрсетілімі жүргілізіп жатқанын естеріңізге саламын.

Бізге қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының жұмыс регламентін анықтау қажет.

Келесі жұмыс регламентін ұсынамын:

сессия үзіліссіз, бір отырыспен өткізілсін;

күн тәртібінің сұрақтары үшін – 3 минутке дейін;

басқа сөз сөйлеулер, анықтамалар, түсініктемелер, арыздар мен хабарламалар үшін – 2 минутке дейін;

шешім ашық дауыспен қабылдансын;

дауыс беруді ұйымдастыру және дауыстарды санауды, сессияда төрағалық етуші қалалық мәслихат төрағасына жүргізуді ұсынамын.

Дауыс беруді сұраймын.

Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.

 

А. Искаков Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының күн тәртібін бекітуді ұсынамын. Рудный қаласы әкімінің ұсынысы бойынша күн тәртібіне мына мәселелерді енгізуді ұсынамын:

  1. Мәслихаттың 2024 жылғы 29 қарашадағы № 169 «Рудный қаласы әкімдігінің қалалық тұрғын үй комиссиясының жеке құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.

Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.

 

  1. Жер учаскелеріне құқық беру мәселелері жөніндегі комиссияның жеке құрамын бекіту туралы.

Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.

Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.

 

  1. Мәслихаттың 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 192 «Горняцк және Қашар кенттерінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.

Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.

Шешім қоса берілді.

 

А. Искаков Депутаттарға әкімдік жанындағы ведомствоаралық сипаттағы мәселелер жөніндегі консультативтік-кеңесші органдардың жеке құрамдары бойынша баяндамашыларды тыңдамай, дереу ұсынылған материалдар бойынша сұрақтарды талқылауға көшуді ұсынамын. Қаралып отырған мәселелер бойынша материалдар депутаттардың қолында.

 

А. Искаков Бірінші мәселе «Мәслихаттың 2024 жылғы 29 қарашадағы № 169 «Рудный қаласы әкімдігінің қалалық тұрғын үй комиссиясының жеке құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».

Баяндамашы: Жайлебаев Азамат Анатольевич, Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

Депутаттардың баяндамашыға қояр сұрақтары бар ма?

Сұрақтар қойылған жоқ.

 

А. Искаков Бұл мәселені депутаттар мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында қарады.

Мәслихаттың 2024 жылғы 29 қарашадағы № 169 «Рудный қаласы әкімдігінің қалалық тұрғын үй комиссиясының жеке құрамын бекіту туралы» шешіміне тиісті өзгерістер енгізуді ұсынамын.

Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.

Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.

Шешім қоса берілді.

 

А. Искаков Келесі мәселе «Жер учаскелеріне құқық беру мәселелері жөніндегі комиссияның жеке құрамын бекіту туралы».

Баяндамашы: Мусулинбекова Майра Жылкелдіқызы, Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

Депутаттардың баяндамашыға қояр сұрақтары бар ма?

Сұрақтар қойылған жоқ.

 

А. Искаков Бұл мәселені депутаттар мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында қарады.

Жер учаскелеріне құқық беру мәселелері жөніндегі комиссияның жеке құрамын бекітуді ұсынамын.

Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.

Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.

Шешім қоса берілді.

 

А. Искаков Келесі мәселе «Мәслихаттың 2024 жылғы 31 желтоқсандағы        № 192 «Горняцк және Қашар кенттерінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».

Баяндамашы: Жигунова Зоя Витальевна, Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысы,

қосымша баяндамашылар: Раймбекова Мадина Қажмұқанқызы, Қашар кентінің әкімі, Мұхаметжанов Айсан Ғинятұлы, Горняцк кенті әкімінің міндетін атқарушы,

 

З. Жигунова Баяндайды (баяндама қоса берілді).

 

А. Искаков Депутаттардың баяндамашыға немесе қатысып отырған қосымша баяндамашылар – Горняцк және Қашар кенттерінің әкімдеріне ұсынылған баяндама бойынша қояр сұрақтары бар ма?

Сұрақтар қойылған жоқ

 

А. Искаков Аталған мәселені депутаттар мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында қарады.

Мәслихаттың 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 192 «Горняцк және Қашар кенттерінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне тиісті өзгерістер енгізуді ұсынамын.

Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.

Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.

Шешім қоса берілді.

 

А. Искаков Осымен Рудный қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясының күн тәртібі тәмамдалды.

Депутаттардың ұсыныстары, толықтырулары бар ма?

Ұсыныстар түскен жоқ.

 

Рудный қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясын жабық деп жариялаймын.

Қалалық мәслихат төрағасы                                                           А. Искаков

 

Жазбаны жүргізген                                                                           Н. Додрова

Дата публикации
08 декабря 2025