Рудный қалалық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясының отырысы
Қатысқандар: 10 депутат, шақырылған адамдар (тізім қоса берілді).
ОТЫРЫСТЫ АШТЫ: Искаков Азамат Куандыкович.
Құрметті депутаттар! Сессиямыздың ашылуына дейін отырысты өткізу тілін анықтауды ұсынамын.
Сессияны орыс тілінде өткізу туралы ұсыныс бар.
Дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Қалалық мәслихаттың сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясында 14 депутаттан 8-і және 2 депутат бейнеконференция режимінде қатысып отыр, сессия өз жұмысын бастауға құқылы.
Сессия жұмысына мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысып отыр.
Рудный қалалық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясын ашық деп жариялаймын. Сессия отырысының онлайн көрсетілімі жүргілізіп жатқанын естеріңізге саламын.
Бізге қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының жұмыс регламентін анықтау қажет. Келесі жұмыс регламентін ұсынамын:
сессия үзіліссіз, бір отырыспен өткізілсін;
күн тәртібінің сұрақтары үшін – 3 минутке дейін;
басқа сөз сөйлеулер, анықтамалар, түсініктемелер, арыздар мен хабарламалар үшін – 2 минутке дейін;
шешім ашық дауыспен қабылдансын;
дауыс беруді ұйымдастыру және дауыстарды санауды, сессияда төрағалық етуші қалалық мәслихат төрағасына жүргізуді ұсынамын.
Дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
А. Искаков Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының күн тәртібін бекітуді ұсынамын. Рудный қаласы әкімінің ұсынысы және Рудный қалалық мәслихаты депутаттарының бастамасы бойынша күн тәртібіне мына мәселелерді енгізуді ұсынамын:
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Шешім қоса берілді.
А. Искаков Бірінші мәселе «Рудный қаласының кейбір көшелерін қайта атау туралы ұсынысты Республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізу туралы».
2025 жылғы 21 қарашада 50 лет Октября көшесін Достық көшесіне және Иван Франко көшесі Әлия Молдағұлова көшесіне қайта атау туралы мәселелер бойынша халықтың қоғамдық пікірін зерделеу жөніндегі қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларында көпшілік тыңдау өтті.
Халықтың пікірін ескере отырып, депутаттар көпшілік дауыспен көшелерді қайта атауды қолдап дауыс берді. Көпшілік тыңдаудың қорытындысы бойынша комиссиялар Рудный қалалық мәслихаты сессиясының қарауына «Рудный қаласының кейбір көшелерін қайта атау туралы ұсынысты Республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізу туралы» мәселені енгізуді қаулы етті. Бұл Рудный қаласы әкімдігінің және Рудный қалалық мәслихатының бірлескен қаулысы мен шешімі болатынын атап өтемін.
Рудный қаласының кейбір көшелерін қайта атау туралы ұсынысты Республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізуді ұсынамын.
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Шешім қоса берілді.
А. Искаков Келесі мәселе «Рудный қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы».
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексі қолданысқа енгізіледі. Салық Кодексінің негізгі өзгерістерінің бірі оңайлатылған декларация негізінде қолданыстағы арнаулы салық режимін (бұдан әрі - АСР) жаңарту болып табылады.
Жергілікті өкілді органдардың қызмет түріне және объектінің орналасқан жеріне байланысты 4 пайыз мөлшерінде белгіленген мөлшерлемені 50 пайыздан аспайтын мөлшерде төмендетуге немесе көтеруге құқығы бар.
«Рудный қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі мөлшерлемені 4%-дан 3%-ға дейін төмендетуді көздейтін «Рудный қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Рудный қалалық мәслихатының шешім жобасын (бұдан әрі – шешім жобасы) әзірледі. Шешім жобасы Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 726-бабына сәйкес әзірленді.
Осы шешім жобасын әзірлеудің мақсаты бизнес-ахуалды жақсартуға, салық жүктемесін төмендетуге, бизнесті заңдастыруға және кәсіпкерлік сектордың іскерлік белсенділігін арттыруға ықпал ететін арнаулы салық режимінің мөлшерлемесін төмендету болып табылады.
Мөлшерлеме мөлшерін азайту туралы мұндай шешімді жергілікті өкілді орган ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей қабылдайды, ол қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Мәселені егжей-тегжейлі қарау үшін Рудный қаласының әкімінен, сондай-ақ Рудный қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасынан ақпарат сұратылды. Сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес жергілікті бюджеттік кірістерді қысқартуды немесе жергілікті бюджеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін мәслихаттар шешімдерінің жобалары әкімнің оң қорытындысы болған кезде ғана қарауға енгізілуі мүмкін. Рудный қаласының әкімі 4%-дан 3%-ға дейін төмендетуді көздейтін шешім жобасына оң қорытынды берді.
Бұл мәселені депутаттар мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысында қарады. Шешім жобасы депутаттардың қолында.
«Рудный қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешімді ұсынылған редакцияда қабылдауды және Рудный қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін 4%-дан 3%-ға дейін төмендетуді ұсынамын.
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Шешім қоса берілді.
А. Искаков Осымен Рудный қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясының күн тәртібі тәмамдалды.
Депутаттардың ұсыныстары, толықтырулары бар ма?
Ұсыныстар түскен жоқ.
Рудный қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясын жабық деп жариялаймын.
Қалалық мәслихат төрағасы А. Искаков
Жазбаны жүргізген Н. Додрова