Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық құрылыс  бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

 

Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық құрылыс

 бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жер учаскелеріне қауымдық

сервитут белгілеу туралы

 

 

          Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 1-тармағы                                          5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының                           10) тармақшасына сәйкес, өтініш негізінде Рудный қаласының әкімдігі             ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне «Рудный қаласындағы кәріз коллекторы» үшін жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін:

Рудный қаласы, Парк көшесінің бойымен кәріз сорғы станциясына дейін (КСС), одан әрі КСС-дан басталатын Горький көшесінің бойымен Сеченов көшесіне дейін және Сеченов көшесінің бойымен жұмыс істеп тұрған орталық нәжіс сорғы станциясына дейінгі мекенжайы бойында сыртқы электормен жарықтандыру тораптарын төсеу және қызмет көрсету мақсатында көлемі 0,0250 га (ұзындығы 125м.б.);

Рудный қаласы, Парк көшесінің бойымен кәріз сорғы станциясына дейін (КСС), одан әрі КСС-дан басталатын Горький көшесінің бойымен Сеченов көшесіне дейін және Сеченов көшесінің бойымен жұмыс істеп тұрған орталық нәжіс сорғы станциясына дейінгі мекенжайы бойында электрмен жабдықтау тораптарын төсеу және қызмет көрсету мақсатында көлемі 0,0730 га(ұзындығы 365 м.б.).

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

             

 

Рудный қаласының әкімі                                                 В. Ионенко

 

 

Дата публикации
03 декабря 2025