Рудный қаласы әкімдігінің «2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтерді бекіту туралы» қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Рудный қаласы әкімдігінің «2026 жылға арналған

арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтерді

бекіту туралы» қаулысының жобасына

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

 

«Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Рудный қаласы әкімдігінің «2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтерді бекіту туралы» қаулысының жобасы (бұдан әрі – қаулы жобасы) әзірленді.

Осы қаулы жобасын әзірлеудің мақсаты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру болып табылады.

Қаулы жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес әзірленді, онда арнаулы әлеуметтік қызметтер жан басынан шаққандағы қаржыландыруға  көшеді.

Тарифтерді бекіту арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мекемелер (ұйымдар) үшін бюджет қаражаты есебінен төлеу тәртібін нақтылайды. Бұл, өз кезегінде, әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз етуге, сондай-ақ көрсетілетін қызметтерге ақы төлеудің әділ және ашық қаржылық тетігін енгізуге мүмкіндік береді.

Қаулы жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Қаулы жобасы 2025 жылғы 1 желтоқсанда https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15712198 «Ашық НҚА» порталында және Рудный қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.

Дата публикации
02 декабря 2025