Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық құрылыс
бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жер учаскесіне қауымдық
сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 1-тармағы 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, өтініш негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне «Рудный қаласындағы кәріз коллекторы» үшін Рудный қаласы, Парк көшесінің бойымен кәріз сорғы станциясына дейін (КСС), одан әрі КСС-дан басталатын Горький көшесінің бойымен Сеченов көшесіне дейін және Сеченов көшесінің бойымен жұмыс істеп тұрған орталық нәжіс сорғы станциясына дейінгі мекенжайы бойында кәріз коллекторын орнату және қызмет көрсету мақсатында көлемі 0,0493 га жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
Рудный қаласының әкімі В. Ионенко