Жеке кәсіпкер Татьяна Николаевна Машковаға жер учаскесіне
қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 1-тармағы 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, өтініш негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жеке кәсіпкер Татьяна Николаевна Машковаға Рудный қаласы, П. Корчагин көшесі, 22 үй маңы мекенжайы бойындағы жобаланған «Рудный қаласы, П.Корчагин көшесі, 22 үй маңында дүкен салу» объектісі бойынша газ құбыры торабын төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,0416 га жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
Рудный қаласының әкімі В. Ионенко