Владимир Сергеевич Бакунге жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

                                       

 

Владимир Сергеевич Бакунге жер учаскесіне

қауымдық сервитут белгілеу туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 1-тармағы  5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, өтініш негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Владимир Сергеевич Бакунге Рудный қаласы, Марите-Бежите атындағы көшесі, 2/17 құрылыс мекенжайы бойындағы 6 кВ ЭБЖ төсеу мақсатында көлемі 0,0284 га жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Рудный қаласының әкімі                                                     В. Ионенко

 

 

 

Дата публикации
23 октября 2025