Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық құрылыс  бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы  

Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық құрылыс

 бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жер учаскелеріне қауымдық

сервитут белгілеу туралы

 

 

          Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 1-тармағы  5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының  10) тармақшасына сәйкес, өтініш негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне «Рудный қаласындағы автовокзал маңындағы 1200 орындық мектепті абаттандыру және оған кірме жолдар салу»  жобасына арналған мынадай жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін:

Рудный қаласы, автовокзал маңы мекенжайы бойында сыртқы жылумен жабдықтау тораптарын төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,0139 га;

Рудный қаласы, автовокзал маңы мекенжайы бойында сыртқы сумен жабдықтау тораптарын төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,107 га;

Рудный қаласы, автовокзал маңы мекенжайы бойында сыртқы кәріз тораптарын төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,0646 га;

Рудный қаласы, автовокзал маңы мекенжайы бойында электрмен жабдықтау тораптарын төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,0232 га;

Рудный қаласы, автовокзал маңы мекенжайы бойында телефон каналын  төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,0690 га.

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

             

 

Рудный қаласының әкімі                                                 В. Ионенко

 

 

Дата публикации
23 октября 2025