БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Рудный қалалық мәслихатының «Рудный қалалық мәслихаты шешімінің күші жойылды деп тану туралы» шешімінің жобасына
«Рудный қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесімен Рудный қалалық мәслихатының «Рудный қалалық мәслихаты шешімінің күші жойылды деп тану туралы» шешімінің жобасы (бұдан әрі - шешім жобасы) әзірленді.
Осы шешімнің жобасын әзірлеудің мақсаты актіні Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкестендіру болып табылады.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық Кодексі қолданысқа енгізіледі, осыған байланысты мәслихаттың «Рудный қаласы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы» 2024 жылғы 29 қарашадағы № 173 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10331-10 болып тіркелген) актілердің күші жойылады.
Шешім жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Шешім жобасы 2025 жылғы 17 қазанда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15625826