Мәслихаттың 2024 жылғы 28 наурыздағы № 120 «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

 

Мәслихаттың 2024 жылғы 28 наурыздағы № 120 «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

 

Рудный қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Мәслихаттың «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 28 наурыздағы № 120 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10171-10 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдалану шығыстарына ақы төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушының осы мақсаттарға шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде.

Тұрғын үй көмегінің мөлшері көрсетілетін қызметті берушімен Қағидалардың 4-1-тармағына сәйкес есептеледі.».

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
26 августа 2025