Рудный қалалық мәслихатының «Мәслихаттың 2024 жылғы
28 наурыздағы № 120 «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері
мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу
туралы» шешімінің жобасына
БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
«Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Рудный қалалық мәслихатының «Мәслихаттың 2024 жылғы 28 наурыздағы № 120 «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің жобасы (бұдан әрі - шешім жобасы) әзірленді.
Осы шешім жобасын әзірлеудің мақсаты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру болып табылады.
Шешімнің жобасы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 28 шiлдедегi № 279 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына сәйкес әзірленді, онда көрсетілген нормалар шегінде тұрғын үй көмегі мөлшерінің есебі көрсетіледі.
Шешім жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы 2025 жылғы 21 тамызда https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15581287 «Ашық НҚА» порталында және Рудный қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.