Қостанай облыстық мәслихаты депутаттары мен Рудный қалалық мәслихаты депутаттарының Рудный қаласының, Қашар, Горняцк кенттерінің және Перцевка ауылының тұрғындарымен есептік кездесуінің
ХАТТАМАСЫ
Қостанай облысы 2025 ж. 22 шілде
(мекенжайы: Рудный қ., 50 лет Октября к-сі,5А) сағ. 15.00
Кездесу модераторы: Рудный қалалық мәслихатының төрағасы - А. К. Искаков
Хаттаманы жүргізу: С.Н. Калдыбаева, Д.Р. Калеева
Кездесуге қатысушылар:
Қостанай облыстық мәслихаты төрағасының өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы –М.С. Жутаев
Қостанай облыстық мәслихатының депутаттары: Е.Д. Алькенов, К.А. Маишев, А.К. Сергазинова
Кездесуге шақырылды: Рудный қаласының әкімі, әкімнің орынбасарлары, Рудный қалалық мәслихатының депутаттары, Рудный қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелері, Горняцк және Қашар кенттерінің әкімдері, мемлекеттік және медициналық мекемелердің, коммуналдық кәсіпорындардың басшылары, білім беру, мәдениет, спорт, қоғамдық ұйымдардың, ардагерлер қозғалысының, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, ПИТК, БАҚ өкілдері
Барлығы: 108 адам (тізім қоса берілді).
Күн тәртібі:
Қостанай облыстық мәслихаты депутаттары мен Рудный қалалық мәслихаты депутаттарының Рудный қаласының, Қашар, Горняцк кенттерінің және Перцевка ауылының тұрғындарымен есептік кездесуі
ТЫҢДАЛДЫ:
М.С. Жутаев, А.К. Искаков: Депутаттардың халықпен есептік кездесулері шеңберіндегі мәслихаттардың жұмысы туралы есеп.
СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР:
В. Н. Ионенко – Өңірдегі ахуалдың жай-күйі туралы қысқаша баяндады.
М. С. Жутаев - Мәслихат регламентіне сәйкес облыстық мәслихат депутаттарының халықпен есептік кездесулер өткізілетінін атап өтті. Облыстық мәслихаттың 2024 және 2025 жылдардағы жұмысы, жұмыс жоспарлары туралы қысқаша айтып берді. Сондай-ақ, түрлі мәселелер, ұсыныстар, сындар бойынша пікірлерді тыңдауға дайын екендігін білдірді.
К. А. Маишев: Қатысушыларды құттықтап, жұмысшы мамандықтар жылында жұмысшы мамандарды даярлауға назар аударуды ұсынды, диалогқа дайын екендігін білдірді.
А. К. Искаков: Қалалық мәслихаттың 2024 және 2025 жылдардағы жұмысы туралы қысқаша айтып берді. Сұрақтар, жауаптар, ұсыныстар жұмыс форматына көшуді ұсынды.
В. В. Кожемяко: Қашар кентінде тұратын жергілікті қоғамдастық өкілі кенттің бірнеше проблемаларын айтты: 1. Гипертония, диабетиктер, онкология және басқа аурулармен, атап айтқанда инсулинмен ауыратын науқастарға дәрі-дәрмек алу, денсаулық сақтау басқармасымен неліктен екі ай бойы инсулин ала алмайтындығын сұрайды. 2. Бас дәрігердің болмауы, жұмыстан шықты. 3. Тар сала мамандары жоқ, хирург жоқ.
А. К. Сергазинова: Дәрі-дәрмек алу мәселесін бақылауға алды.
С. Н. Костюкова: Қашар кентінің жергілікті қоғамдастықтың өкілі бірнеше проблемалық мәселелерді айтты: 1. Аурухананы қаржыландыру. 2. Кент орталығында жол төсемдері мәселесі бар. 2. Кентте бейнебақылау жоқ. 3. Инклюзия кабинеттері жоқ, кентте мүгедектігі бар балаларды дамыту мүмкіндігі жоқ. 4. Қашар кентінің орталық аллеясын абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізу: жол төсеніштерді, жаяу жүргіншілер жолдарын төсеу.
М. С. Жутаев: Мүгедектігі бар балалардың өмір сүру сапасын жақсарту және бас дәрігердің болмау мәселені шешу мәселесін бақылауға алды.
Т. М. Гончарук: «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша балалар алаңдарын салу мәселесін көтерді. Өткен жылы жеңіске жеткен жоба неге орындалмады деп ашуланды. Мердігер қазылған жерді қалдырды.
Ю.В. Итемгенов: Бұл мәселені білетінін, бірақ тездете алмайтынын айтты. Ағымдағы жылы мәселені жабуға уәде берді.
А.К. Сергазинова: «Халық қатысатын бюджетті» іске асыру жөніндегі заңнамаға өзгерістер енгізуді ұсынды.
А.К. Искаков: Қалалық мәслихат депутаттары ХҚБ-тің іске асырылмаған жобалары туралы мәселені талқылағанын және өткен жылдары іске асырылмаған ХҚБ-тің барлық жобалары биыл іске асырылуы тиіс екенін түсіндірді.
И.Н. Акимов: № 120 автобус маршрутының қозғалыс схемасын өзгерту мәселесін көтерді. Бұрынғы маршрут схемасы студенттер мен зейнеткерлер үшін ыңғайлы болғанын айтты. Сондай-ақ, №39 шағын ауданындағы аула аумақтарын абаттандыру және балалар алаңдарын орнату қажеттілігі мәселесін атап өтті.
Е.Д. Алькенов: Қалалар арасындағы автобустың қозғалысы қалааралық тасымалдар сияқты отыратын орындар бойынша жүзеге асырылуы тиіс, өйткені автобус жүрдек трасса бойынша жүреді, тасымалдау қауіпсіздігі мақсатында қозғалыс автовокзалдан автовокзалға дейін болуы тиіс деген пікір білдірді.
М.С. Жутаев: Ауданаралық (қалааралық облысішілік) бағыттың мәртебесін өзгерту мәселесі бойынша жолаушылар тасымалы басқармасына жүгінуді ұсынды.
А.К. Искаков: Шағын ауданды абаттандыруға бюджет қаражаты бөлінгенін және мердігер анықталғанын, ол тек асфальт төсеп және аула аумақтарын толық абаттандыруды аяқтамағанын, мердігерге төленген қаражат сот арқылы бюджетке қайтарылатынын түсіндірді. Қазіргі уақытта, № 39 шағын ауданды абаттандыруға қаражат бөлу туралы бюджеттік өтінім дайындалды, ол облыстық басқармаға қаражат бөлу үшін жіберілетін болады.
И. А. Городкова: «Бақ Бақ» базарының директоры сауда базарларын жаңғырту мәселесі өткір тұрғанын айтты. Базарларда «қандастар» жұмыс істейді, базардың жабылуы шығын әкеледі, кім өтейді. Депутаттардан базарлардың жабылуын кейінге қалдыруға көмек сұрады.
М. С. Жутаев: Мәселені зерттеп, Парламент пен Үкіметке жүгінуге уәде берді.
Г. В. Широкова: Рудный қаласының тұрғыны, 50 лет Октября, 40а көшесіндегі тұрғын үйде орналасқан дүкен бойынша: 1) дүкен әкімшілігімен орнатылған «қызметтік машиналар үшін» белгісінің заңдылығы; 2) дүкеннің жақын аумағында абаттандырудың жоқтығы туралы; 3) осы дүкен иелері төлейтін тарифтің (ПИТК) мөлшерін арттыру қажеттілігі туралы сұрақтар қойды.
Н. А. Лобач: Қашар кентінің жергілікті қоғамдастық өкілі 1) кенттің жеке секторындағы сумен жабдықтау және электрмен жабдықтау желілері, 2) жолдардың қанағаттанарлықсыз жай-күйі; 3) «Юность» МҮ-де жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы проблеманы айтты.
А. Т. Куйшинов: Қашар әкімінің аппараты сумен жабдықтау және энергиямен жабдықтау желілерін салу мәселесі бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бола алмайтынын, бұл Рудный қалалық құрылыс бөлімінің құзыретінде екенін түсіндірді. «Юность» МҮ мәселесі бойынша бюджет қаражатын бөлуге бюджеттік өтінім берілді, бюджет қаражатын бөлуден бас тартылды.
А.К. Искаков: Есепті кездесуге қатысушылардан әлі де сұрақтар бар-жоғын сұрады. Сұрақтар жоқ, барлық сұрақтар пысықталатынын атап өтті.
ШЕШТІ:
1) дәрілік заттарды уақтылы алу;
2) Қашар кентіндегі медициналық персоналды қаржыландыру және жарақтандыру;
3) Қашар кентіндегі мүгедектігі бар балалардың өмір сүру сапасын жақсарту;
4) № 120 маршрут схемасын қысқарту;
5) базарларды жаңғырту;
6) «Халық қатысатын бюджетті» іске асыру;
7) Қашар кентінде бейнебақылау орнату.
1) Қашар кентінің орталық аллеясын абаттандыру: жол төсеніштерді, жаяу жүргіншілер жолдарын төсеу;
2) № 39 шағын ауданның аумағын абаттандыру және балалар алаңдарын орнату қажеттілігі;
3) 50 лет Октября, 40а көшесіндегі тұрғын үйде орналасқан дүкен әкімшілігімен орнатылған «қызметтік машиналар үшін» белгісінің заңдылығы туралы; дүкеннің жақын аумағында абаттандырудың жоқтығы туралы; 3) осы дүкен иелері төлейтін тарифтің (ПИТК) мөлшерін арттыру қажеттілігі туралы.
4) Қашар кентінің жеке секторындағы сумен жабдықтау және электрмен жабдықтау желілері бойынша; жолдардың қанағаттанарлықсыз жай-күйі; «Юность» МҮ жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы.
Кездесу модераторы: А.К. Искаков
Хаттаманы құрды: С. Н. Калдыбаева, Д. Р. Калеева