«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы» Рудный қалалық әкімдігі қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

 

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы»

Рудный қалалық әкімдігі қаулысының жобасына

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

 

Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі»  ММ «Рудный қаласы, Пионерская көшесі, № 29 үй мекенжайы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы» Рудный қаласы әкімдігі қаулысының жобасы әзірленді.

Жоба «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 - бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97 - бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.

Қаулы жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Қаулы жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған: 2025 жылғы 3 сәуір  https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15507109

 

 

 

 

Дата публикации
03 апреля 2025