«Рудный қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін жеңілдіктер белгілеу туралы» Рудный қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 552 бірлескен қаулысына және Рудный қалалық мәслихатының 2023 жылғы       27 маусымдағы № 38 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

«Рудный қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін жеңілдіктер белгілеу туралы» Рудный қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 552 бірлескен қаулысына және Рудный қалалық мәслихатының 2023 жылғы       27 маусымдағы № 38 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

          Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Рудный қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Рудный қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін жеңілдіктер белгілеу туралы» 2023 жылғы 27 маусымдағы № 552 Рудный қаласы әкімдігінің бірлескен қаулысына және 2023 жылғы 27 маусымдағы № 38 Рудный қалалық мәслихатының шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10038 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

аталған бірлескен қаулы мен шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«Рудный қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық және қала маныңдағы қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін жеңілдіктер белгілеу туралы»;

көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің 1, 2, 2-1-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Рудный қаласы азаматтарының келесі санаттарына қалалық және қала маныңдағы қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүру түріндегі жеңілдік белгіленсін:

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдарына;

2) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;

4)  он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға;

5) «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға;

6) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға.

7) жеті жасқа дейінгі балаларға, олар егер бөлек орын алмаса.

  1. Рудный қаласы азаматтарының келесі санаттарына қалалық және қала маныңдағы қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін бекітілген тариф құнынан 10 теңгеге кем мөлшерде жеңілдікпен жол жүру белгіленсін:

1) жасына байланысты зейнеткерлерге;

2) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға.

2-1. Рудный қаласы азаматтарының келесі санаттарына қалалық және қала маныңдағы қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін бекітілген тариф құнының 50% мөлшерінде жеңілдікпен жол жүру белгіленсін:

1) 7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар;

2) 15 жастан 18 жасқа дейінгі адамдар.».

  1. Осы бірлескен Рудный қаласы әкімдігінің қаулысы мен Рудный қалалық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

          Лауазымы                                                                           Т.А.Ә.

         Лауазымы                                                                           Т.А.Ә.

 

      

 

                          

 

Дата публикации
06 февраля 2025