Рудный қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 16 тамыздағы № 754 «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жоба

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рудный қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 16 тамыздағы № 754

«Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы»

қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

 

Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2023 жылғы 16 тамыздағы № 754 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже  осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгеріс туралы әділет органдарына хабарлауын;

2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы                                                                                Аты-жөні

Дата публикации
30 января 2025