ЖОБА
Рудный қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 22 маусымдағы № 520 «Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарды айқындау туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Рудный қаласы әкімдігінің «Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарды айқындау туралы» 2020 жылғы 22 маусымдағы № 520 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9288 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
- Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеу;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Рудный қаласының әкімі В. Ионенко