БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ Рудный қалалық мәслихатының «Мәслихаттың 2023 жылғы 2 қарашадағы № 76 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің жобасына

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ


Рудный қалалық мәслихатының «Мәслихаттың 2023 жылғы 2 қарашадағы № 76 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің жобасына


«Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Рудный қалалық мәслихатының «Мәслихаттың 2023 жылғы 2 қарашадағы № 76 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің жобасы (бұдан әрі - шешім жобасы) әзірленді.
Осы шешім жобасын әзірлеудің мақсаты «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-нің тапсырмасын орындау болып табылады.
Шешім жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-тармағына, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
Осы құқықтық-нормативтік актінің жобасы мерекелік және атаулы даталарға әлеуметтік көмек көрсетуді қарастырады.
Шешім жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Шешім жобасы 2025 жылғы 15 қаңтарда нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында орналастырылған:
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15400366

 

 

Дата публикации
16 января 2025