Жоба
Рудный қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 1215 «Инватакси қызметін алушылардың санаттарын кеңейту туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Рудный қаласы әкімдігінің «Инватакси қызметін алушылардың санаттарын кеңейту туралы» 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 1215 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10120-10 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.