Мәслихаттың 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 92 «Рудный қаласының 2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Рудный қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Рудный қаласының 2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 52 591 688,5 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 35 926167,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 416 274,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 1 230 790,8 мың теңге;
трансферттер түсімі бойынша – 15 018 456,7 мың теңге;
2) шығындар – 51 136 220,2 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – - 81 043,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 9 351 456,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -7 814 944,7 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 7 814 944,7 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«4. 2024 жылға арналған жергілікті атқарушы орган резервінің мөлшері 165 176,1 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1, 2-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қалалық мәслихат төрағасы А. Искаков