Рудный қалалық  мәслихаты шешімінің ЖОБАСЫ          "Рудный қаласы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы"

Рудный қалалық  мәслихаты шешімінің ЖОБАСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рудный қаласы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы

 

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес Рудный қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, Рудный қаласы бойынша салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшері 4% - дан 3% - ға дейін төмендетілсін.
  2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қалалық мәслихат төрағасы                                                      А. Искаков

 

 

Дата публикации
12 ноября 2024