«Рудный жылу желілері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

 

«Рудный жылу желілері» жауапкершілігі шектеулі

серіктестігіне жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

 

 

         Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 1-тармағы                           5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының                           10) тармақшасына сәйкес, өтініш негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Рудный жылу желілері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне мынадай жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін:

         Рудный қаласы, Свердлов көшесі, 60 а тұрғын үй ауданы (Топорков көшесі ауданы қиылысынан) мекенжайы бойынша құрылыс материалдарын (құбырлар, плиталар, темірбетон бұйымдарын) уақытша сақтау мақсатында көлемі 0,1342 га;         Рудный қаласы, Қашар көшесі, № 22 құрылысы ауданы (П. Корчагин көшесі қиылысынан) мекенжайы бойынша құрылыс материалдарын (құбырлар, плиталар, темірбетон бұйымдарын) уақытша сақтау мақсатында көлемі               0,4950 га;         Рудный қаласы, Қашар көшесі, № 22 құрылысы ауданы (П. Корчагин көшесі қиылысынан) мекенжайы бойынша құрылыс материалдарын (құбырлар, плиталар, темірбетон бұйымдарын) уақытша сақтау мақсатында көлемі               0,5580 га;         Рудный қаласы, 40 лет Октября көшесі («Рудный жылу желілері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағының алдында) мекенжайы бойынша бөлшектелген құрылыс материалдарын (құбырлар, плиталар, темірбетон бұйымдарын) уақытша сақтау мақсатында көлемі 0,3024 га;         Рудный қаласы, 50 лет Октября көшесі (№ 6 көлікжай қоғамы қасындағы «Мебель-Парк» сауда үйі ауданы) мекенжайы бойынша құрылыс материалдарын (құбырлар, плиталар, темірбетон бұйымдарын) уақытша сақтау мақсатында көлемі 0,1225 га;         Рудный қаласы, 40 лет Октября көшесі («Рудный жылу желілері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағының артында) мекенжайы бойынша құрылыс материалдарын (құбырлар, плиталар, темірбетон бұйымдарын) уақытша сақтау мақсатында көлемі 1,0062 га;         Рудный қаласы мекенжайы бойынша жылу желілеріне қызмет көрсету және пайдалану  мақсатында көлемі 2,6846 га;        

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Рудный қаласының әкімі                                               В. Ионенко

 

Дата публикации
30 октября 2024