Рудный қаласы әкімдігі қаулысының жобасы
Әзірлеуші Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ
Рудный қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 18 тамыздағы № 785
«Рудный қаласының қалалық қатынастарында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қаласының қалалық қатынастарында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы» 2023 жылғы 18 тамыздағы № 785 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10049 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Рудный қаласының қалалық және қала маңындағы қатынастарында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Рудный қаласының қалалық және қала маңындағы қатынастарында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тариф белгіленсін:
1) қалалық қатынаста жол жүру үшін интернет желісі мен ұялы байланыс құрылғылары арқылы төлем төлеуді қоса алғанда, электрондық төлем жүйесі арқылы төлем төлеу кезінде - 100 (бір жүз) теңге мөлшерінде, қолма-қол ақшамен төлеу кезінде - 150 (бір жүз елу) теңге мөлшерінде;
2)қала маңы қатынасында интернет желісі және ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, жол жүру үшін электрондық төлем жүйесі арқылы төлеген кезде - белгіленген тарифке бір километр үшін 12 (он екі) теңге, қолма – қол ақшамен төлеу кезінде-бір километр үшін 18 (он сегіз) теңге.
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Рудный қаласының әкімі В. Ионенко
Рудный қаласы әкімдігінің
2023 жылғы «____» _________
№ _________ қаулысына
қосымша
Рудный қаласы әкімдігінің күші жойылған
кейбір қаулыларының
тізбесі
_________________________