Жоба
Мәслихаттың 2023 жылғы 2 қарашадағы № 76 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Рудный қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Мәслихаттың «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 2 қарашадағы № 76 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10075 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.