Жоба Мәслихаттың 2024 жылғы 28 наурыздағы № 120 «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жоба

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәслихаттың 2024 жылғы 28 наурыздағы № 120 «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

 

Рудный қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Мәслихаттың «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 28 наурыздағы № 120 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10171-10 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы 6-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет Қағидаларға сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүгінеді.

Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкімет» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.».

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
26 сентября 2024