БАСПАСӨЗ -РЕЛИЗ Рудный қалалық мәслихатының «Мәслихаттың 2024 жылғы            28 наурыздағы № 120 «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің жобасына

БАСПАСӨЗ -РЕЛИЗ

 

 

 

 

 

 

 

Рудный қалалық мәслихатының «Мәслихаттың 2024 жылғы            28 наурыздағы № 120 «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің жобасына

 

 

«Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Рудный қалалық мәслихатының «Мәслихаттың 2024 жылғы 28 наурыздағы № 120 «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің жобасы (бұдан әрі - шешім жобасы) әзірленді.

Осы шешім жобасын әзірлеудің мақсаты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру болып табылады.

Шешім жобасы «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушысының 2024 жылғы 9 қыркүйектегі № 319 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы                        8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй көмегін беру қағидаларына 2-қосымшасына сәйкес әзірленді, онда «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі өзгерді. Бұрын мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 8 (сегіз) жұмыс күн құрды, енгізілген өзгерістерге сәйкес 6 (алты) жұмыс күн болды.

Шешім жобасында көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы                  6-тармағын жаңа редакцияда жазу қажет:

«6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет Қағидаларға сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүгінеді.

Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкімет» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.».

Шешім жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Шешім жобасы 2024 жылғы 24 қыркүйекте ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған:

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15211407

 

Дата публикации
26 сентября 2024