"Рудный қаласында және Рудный қаласының елді мекендерінде жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" Жоба

Рудный қаласында және Рудный қаласының елді мекендерінде жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 510-бабына және Рудный қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 122 «Рудный қаласының және Рудный қаласының елді мекендерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық ақтілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10172-10 болып тіркелген) шешіміне сәйкес Рудный қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Рудный қаласында және Рудный қаласының елді мекендерінде жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету осы шешімнің қосымшасына сәйкес жүзеге асырылсын.
  2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

                  Аты-жөні

 

Дата публикации
19 августа 2024