Рудный қаласы әкімдігі қаулысының жобасы

Рудный қаласы әкімдігі қаулысының жобасы

 

Әзірлеуші Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ

 

 

Рудный қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 18 тамыздағы № 785

«Рудный қаласының қалалық қатынастарында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қаласының қалалық қатынастарында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы» 2023 жылғы 18 тамыздағы № 785 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10049 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

         көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

         «Рудный қаласының қалалық және қала маңындағы қатынастарында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы»;

         көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

         «1. Рудный қаласының қалалық және қала маңындағы қатынастарында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тариф белгіленсін:

         1) интернет желісі және ұялы байланыс құрылғылары арқылы қоса алғанда, жол жүру үшін электрондық төлем жүйесі арқылы қалалық қатынаста төлеген кезде барлық маршруттар үшін бірыңғай - 100 (жүз) теңге мөлшерінде, қолма - қол ақшамен төлеген кезде-150 (жүз елу) теңге мөлшерінде төленеді.

         2) интернет желісі және ұялы байланыс құрылғылары арқылы жол ақысын электрондық төлем жүйесі арқылы қала маңындағы қатынаста ақы төлеу кезінде № 17, № 28 маршруттар бойынша - 170 (бір жүз жетпіс) теңге,     № 19, № 19 а, № 18-180 (бір жүз сексен) теңге, № 23 -200 (екі жүз) теңге мөлшерінде, «Рудный қаласы - Перцев ауылы»-240 (екі жүз қырық) теңге мөлшерінде, «Рудный қаласы - Қашар кенті» - 800 (сегіз жүз) теңге мөлшерінде, қолма-қол ақшамен төлеген кезде маршруттар бойынша № 17,        № 28-250 (екі жүз елу) теңге, № 19, № 19 а, № 18 - 270 (екі жүз жетпіс) теңге, № 23 - 300 (үш жүз) теңге, «Рудный қаласы - Перцев ауылы» - 360 (үш жүз алпыс) теңге, «Рудный қаласы - Қашар кенті» - 1200 (бір мың екі жүз) теңге.

  1. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

         1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

         2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

         Рудный қаласының әкімі                                                    В. Ионенко                                                                                                                                           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
31 июля 2024