БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ Рудный қалалық мәслихатының «Мәслихаттың 2023 жылғы             2 қарашадағы № 76 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыруларды енгізу туралы» шешімінің жобасына

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

 

 

Рудный қалалық мәслихатының «Мәслихаттың 2023 жылғы             2 қарашадағы № 76 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыруларды енгізу туралы» шешімінің жобасына

 

 

«Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Рудный қалалық мәслихатының «Мәслихаттың     2023 жылғы 2 қарашадағы № 76 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыруларды енгізу туралы» шешімінің жобасы (бұдан әрі – шешім жобасы) әзірленді.

Осы шешім жобасын әзірлеудің мақсаты «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы»   ММ-нің тапсырмасын орындау болып табылады.

Шешім жобасы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне,  Қазақстан Республикасындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді.

Аталған құқықтық-нормативтік актінің жобасы мыналарды қарастырады:

облыстық бюджет қаражаты есебінен бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға оларды алып жүретін адамдардың шығындарын өтеу, табысын есепке алмағанда, жылына 1 рет, емдеу рәсімдерін қоспағанда, тұру және тамақтану үшін нақты шығындар мөлшерінде, бірақ уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын кепілдік берілген соманың жетпіс пайызынан артық емес;

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, ардагерлерге және Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңның 5, 6-баптарында, 7-бабының 1)-4) тармақшаларында, 8-бабының 1) 3) тармақшаларында көрсетілген басқа да адамдарға санаторий-курорттық емделуге жолдаманың нақты құнын өтеу, Қазақстан Республикасының шегінде, табысын есепке алмағанда жылына          1 рет, бірақ уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын кепілдік берілген сомадан артық емес.

Былай айтқанда, шешім жобасының қабылдауы адамдардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау үшін қажет.

Шешім жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Шешім жобасы 2024 жылғы 19 шілдеде нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында орналастырылған:

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15142321

 

Дата публикации
19 июля 2024