«Рудный жылу желілері» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігіне жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 1-тармағы 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, өтініш негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Рудный қаласы, Свердлов көшесі, 60 а тұрғын үй ауданы (Топорков көшесі ауданы қиылысынан) мекенжайы бойынша бөлшектелген темірбетон бұйымдарын сақтау және тез арада шығару мақсатында көлемі 1 га; Рудный қаласы, Қашар көшесі, № 22 құрылысы ауданы (П. Корчагин көшесі қиылысынан) мекенжайы бойынша бөлшектелген темірбетон бұйымдарын сақтау және тез арада шығару мақсатында көлемі 1 га; Рудный қаласы, 40 лет Октября көшесі («Рудненский водоканал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағының алдында) мекенжайы бойынша бөлшектелген темірбетон бұйымдарын сақтау және тез арада шығару мақсатында көлемі 1 га; Рудный қаласы, Топорков көшесі, Топорков көшесі, 5 бойындағы «Отделстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағының артында (Марите-Бежите көшесі ауданы қиылысынан) мекенжайы бойынша бөлшектелген темірбетон бұйымдарын сақтау және тез арада шығару мақсатында көлемі 3 га; Рудный қаласы, 50 лет Октября көшесі (№ 6 көлікжай қоғамы қасындағы «Мебель-Парк» сауда үйі ауданы) мекенжайы бойынша бөлшектелген темірбетон бұйымдарын сақтау және тез арада шығару мақсатында көлемі 3 га; Рудный қаласы, 40 лет Октября көшесі («Рудный жылу желілері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағының артында) мекенжайы бойынша бөлшектелген темірбетон бұйымдарын сақтау және тез арада шығару мақсатында көлемі 3 га;
Рудный қаласының әкімі В. Ионенко