Рудный қалалық мәслихаты шешімінің
жобасы
Мәслихаттың 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 92 «Рудный қаласының 2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Рудный қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Рудный қаласының 2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 52 293 783,7 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 35 430 244,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 65 668,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 2 130 744,0 мың теңге;
трансферттер түсімі бойынша – 14 667 127,7 мың теңге;
2) шығындар – 53 317 559,7 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – - 81 043,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 8 791 417,3 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -9 734 150,3 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 9 734 150,3 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«4. 2024 жылға арналған жергілікті атқарушы орган резервінің мөлшері 290 211,4 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қалалық мәслихат төрағасы А. Искаков