«Рудный қаласы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақының мөлшерін белгілеу туралы»
Рудный қалалық әкімдігі қаулысының жобасына
БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ «Рудный қаласы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақының мөлшерін белгілеу туралы» Рудный қалалық әкімдігі қаулысының жобасын әзірледі.
Жоба «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 - бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97 - бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.
Қаулы жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Қаулы жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15093557