Бірлескен қаулысы және шешімі
Рудный қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 552 «Рудный қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін жеңілдіктер белгілеу туралы» бірлескен қаулысына және Рудный қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 38 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Рудный қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
аталған бірлескен қаулылар мен шешімдердің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Рудный қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық және қала маныңдағы қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін жеңілдіктер белгілеу туралы»;
көрсетілген бірлескен қаулылар мен шешімдердің 1, 2, 2-1-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Рудный қаласы азаматтарының келесі санаттарына қалалық және қала маныңдағы қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүру түріндегі жеңілдік белгіленсін:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдарына;
2) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
4) он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға;
5) «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға;
6) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға.»;
«2. Рудный қаласы азаматтарының келесі санаттарына қалалық және қала маныңдағы қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін бекітілген тариф құнынан 10 теңгеге кем мөлшерде жеңілдікпен жол жүру белгіленсін:
1) жасына байланысты зейнеткерлерге;
2) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға.»;
«2-1. Рудный қаласы азаматтарының мынадай санаттарына қалалық және қала маныңдағы қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін бекітілген тариф құнының 50% мөлшерінде жеңілдікті жол жүру белгіленсін:
1) 7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар;
2) 15 пен 18 жас аралығындағы адамдар.».
Лауазымы Т.А.Ә.
Лауазымы Т.А.Ә.