Жоба
Әкімдіктің 2022 жылғы 27 мамырдағы № 676 «Рудный қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын белгілеу және бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Әкімдіктің 2022 жылғы 27 мамырдағы № 676 «Рудный қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын белгілеу және бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28341 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1) көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
- Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Рудный қаласы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын.
- Осы қаулының бақылау Рудный қаласы әкімінің басшылық ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Рудный қаласының әкімі В. Ионенко