Рудный қалалық мәслихаты шешімінің жобасы    " Мәслихаттың 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 94 «Горняцк және Қашар кенттерінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Рудный қалалық мәслихаты шешімінің

жобасы

                                                                                                

Мәслихаттың 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 94 «Горняцк және Қашар кенттерінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Рудный қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Мәслихаттың «Горняцк және Қашар кенттерінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 94 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Горняцк кентінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті  1, 2 және     3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер  – 207 335,6 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 18 704,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша  – 0,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 0,0 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша  –  188 631,6 мың теңге;

2) шығындар – 223 324,7  мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) –  -15 989,1 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)               –  15 989,1 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«4. Қашар кентінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті 4, 5 және          6-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер  – 411 239,1 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 57 083,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша  – 458,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 0,0 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша  –  353 698,1 мың теңге;

2) шығындар – 425 204,3  мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;

5)  бюджет тапшылығы (профициті) –  -13 965,2 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)               –  13 965,2 мың теңге.»;

көрсетілген     шешімнің      1, 4 - қосымшалары      осы      шешімнің           

1, 2 - қосымшаларына   сәйкес   жаңа   редакцияда   жазылсын.         

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
31 мая 2024