"Рудный қаласының қала маңындағы қатынастарында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланған тарифті белгілеу туралы "Рудный қаласы әкімдігі қаулысының жобасы

Рудный қаласы әкімдігі қаулысының жобасы

 

Әзірлеуші Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ

 

Рудный қаласының қала маңындағы қатынастарында жолаушылар

мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланған

тарифті белгілеу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Рудный қаласының қала маңындағы қатынастарында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға қосымшаға сәйкес сараланған тариф белгіленсін:

Қала маңындағы қатынаста жол жүру үшін интернет желісі мен ұялы байланыс құрылғылары арқылы төлем төлеуді қоса алғанда, электрондық төлем жүйесі арқылы төлем төлеу қосымшаға сәйкес қолма-қол ақшамен төлеу кезінде.

  1. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) Осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Рудный қаласының әкімі

 

                    В. Ионенко

 

  Рудный қаласы әкімдігінің

  2024 жылғы«___»___________

  № ______ қаулысына

  қосымша

 

Төлем тәсіліне байланысты Рудный қаласының қала маңындағы қатынасында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға арналған сараланған тарифтер

 

№ р/с

Атауы/

маршрут нөмірі

Интернет желісі және ұялы байланыс құрылғылары арқылы жол жүру құнына электрондық төлем жүйесі арқылы төлеу кезінде

Жол жүру құнын қолма-қол

ақшамен төлеу кезінде

1

№ 17

170 теңге

250 теңге

2

№ 28

180 теңге

250 теңге

3

№ 19

180 теңге

270 теңге

4

№ 19а

180 теңге

270 теңге

5

№ 18

180 теңге

270 теңге

6

№ 23

200 теңге

300 теңге

7

«Рудный қаласы- Перцев ауылы»

240 теңге

360 теңге

8

«Рудный қаласы- Қашар кенті»

800 теңге

1200 теңге

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
22 апреля 2024