Рудный қалалық мәслихатының «Мәслихаттың 2020 жылғы 25 тамыздағы № 510 «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасына
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Рудный қалалық мәслихатының «Мәслихаттың 2020 жылғы 25 тамыздағы № 510 «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасы, «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
Осы шешімнің жобасын әзірлеудің мақсаты «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңның 9-бабының 5-тармағында көзделген стратегиялық маңызы бар объектілер мен учаскелердің, сондай-ақ объектілердің іргелес аумақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Осы қаулыны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылған: