Рудный қалалық мәслихаты
шешімінің жобасы
Мәслихаттың 2020 жылғы 25 тамыздағы № 510 «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Рудный қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы «Жиналыстарды, митингілерді және пикеттеуді ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар» деген жол жаңа редакцияда жазылсын:
«Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасының 18-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«18. Пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.»;
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасының 20-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«20. Мынадай объектілердің іргелес аумақтарының шекараларынан 800 метр қашықтықта пикет өткізуге жол берілмейді
1) жаппай жерлеу орындары;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілер және оларға іргелес жатқан аумақтар;
3) әкімшілік-аумақтық бірліктің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтар;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтар;
5) магистральдық теміржол желілері, магистральдық құбырлар, ұлттық электр желілері, магистральдық байланыс желілері және оларға іргелес жатқан аумақтар.».
Қалалық мәслихаттың төрағасы А. Искаков