Рудный қаласы мәслихаты «Рудный қаласы бойынша 2024 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы» шешімінің жобасына
БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ Рудный қаласы мәслихатының «Рудный қаласы бойынша 2024 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы»шешімінің жобасын әзірледі.
Жоба «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 «Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес әзірленді.
Шешім жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14896816