Рудный қаласы әкімдігі қаулысының жобасы

 

 

Рудный қаласы әкімдігі қаулысының жобасы

 

Әзірлеуші: Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ

 

«Рудный қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 26 қазандағы                                   № 1457 «Рудный қаласына, Қашар, Горняцк кенттеріне бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы»  қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Рудный қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 1457 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30371 болып тіркелген) «Рудный қаласына, Қашар, Горняцк кенттеріне бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

Көрсетілген қаулымен бекітілген Рудный қаласына, Қашар, Горняцк кенттеріне бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

  1. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

1) Осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
22 января 2024