Жоба
Мәслихаттың 2023 жылғы 2 қарашадағы № 76 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Рудный қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тұрмыстық қажеттіліктеріне, табыстарын есепке алмай, ай сайын, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) ардагерлерге және Заңның 8-бабының бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, Заңның 5, 6, 7, 8-баптарында көрсетілген басқа да адамдарға, тұрмыстық қажеттіліктеріне, табыстарын есепке алмай, ай сайын, 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) диспансерлік есепте тұрған адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне, табыстарын есепке алмай, ай сайын, екі еселік ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
4) туберкулез ауруынан зардап шеккен және амбулаториялық емдеудегі адамдарға, табыстарын есепке алмай, ай сайын, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) мүгедектігі бар адамдарға, олардың оңалту орталықтарына жол жүруі мен кері қайтуына байланысты шығындарын өтеу үшін, табыстарын есепке алмай, тоқсан сайын, 3 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде;
6) білім беру гранттарының иелері, мемлекеттік бюджет төлемдерінің өзге де түрлерін алушылар болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, алғашқы техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі не жоғары білім (бұдан әрі - білім) алушы тұлғаларға, оның ішінде:
өтініш берудің алдындағы соңғы он екi айда Қостанай облысы бойынша белгіленген ең төмен күнкөрiс деңгейі шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасылардың күндізгі оқу нысанындағы жастарына;
табыстарын есепке алмай, жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен оқуын жалғастыратын халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз топтарына жататын күндізгі оқу нысанындағы жастарға;
табыстарын есепке алмай, мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасында ұсынымы бар, мүгедектігі бар адамдарға Қазақстан Республикасының оқу орындарында білім алуына байланысты, нақты құны бойынша оқу ақысын төлеу үшін оқу жылы ішінде жартыжылдықта бір рет аударылатын 400 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде;
7) мүгедектігі бар адамдарға, жедел емделуге, табыстарын есепке алмай, бір рет, 50 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерінде;
8) мүгедектігі бар адамдарға, дәрілік заттарды сатып алуға байланысты шығындарын өтеу үшін, табыстарын есепке алмай, жылына 1 рет, нақты шығындар мөлшерінде, 30 айлық есептік көрсеткіштен артық емес;
9) мүгедектігі бар адамдарға, олардың санаторийлерге жол жүруі мен кері қайтуына байланысты шығындарын өтеу үшін, табыстарын есепке алмай, жылына 1 рет, 3 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде;
10) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды алып жүретін адамдарға олардың санаторий-курорттық емдеуді ұсынатын ұйымда болған кезеңінде, бірақ бір ілесіп жүретін адамнан артық емес, емдеу рәсімдерін қоспағанда, тұру және тамақтану үшін төлеммен, жылына 1 рет, ақы төленетін жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмағанда Қазақстан Республикасының шегінде санаторий-курорттық емдеуге арналған шығыстарды өтеу үшін, кепілдік берілген соманың жетпіс пайызынан аспайтын мөлшерде;
11) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне, табыстарын есепке алмай, бір рет, 150 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
12) өрт салдарын жою барысында зардап шеккен азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне, табыстарын есепке алмай, бір рет, 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
13) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып, пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға, табыстарын есепке алмай, бір рет, 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
14) өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда ең төмен күнкөріс деңгейі шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасылардың адамдарына, тұрмыстық қажеттіліктеріне, жылына 1 рет, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
15) өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда ең төмен күнкөріс деңгейі шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасылардың адамдарына, қайтыс болған күні еңбек мобильділігі орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген, қайтыс болған туыстарын, жұбайларын жерлеуге, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардың адамдарына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге, бір рет, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетiледi.»;
13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«13. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан жергілікті әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі органға немесе кент, ауыл әкіміне Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді, оған мынадай құжаттарды қоса береді:
1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
2) тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер (тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамай тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер ұсынылмайды).
Осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген адамдар, бірінші рет өтініш білдіргендер, өтініш берушінің әлеуметтік мәртебесін растайтын құжатты ұсынады.
Осы Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдардың ата-анасы немесе заңды өкілі адамның иммун тапшылығы вирусы ауруын растайтын құжатты ұсынады.
Осы Қағидалардың 6-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген адамдар туберкулезбен ауыру фактісін және амбулаторлық емделуде екенін растайтын құжатты ұсынады.
Осы Қағидалардың 6-тармағының 5), 9) тармақшаларында көрсетілген адамдар тұру фактісін және жол жүру құнын растайтын құжаттарды ұсынады.
Осы Қағидалардың 6-тармағының 6) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген адамдар білім алғанын, оның құнын растайтын құжаттарды және мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасын ұсынады.
Осы Қағидалардың 6-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген адамдар дәрігер растаған ағымдағы жылға рецептуралық бланкінің көшірмесін және кассалық және/немесе тауар чегін ұсынады.
Осы Қағидалардың 6-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген адамдар санаторий-курорттық емдеуді төлемді растайтын құжатты, орындалған жұмыстардың актісін, санаторий-курорттық ұйымның шот-фактурасын ұсынады.
Осы Қағидалардың 6-тармағының 11), 12) тармақшаларында көрсетілген адамдар дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжатты ұсынады.
Осы Қағидалардың 6-тармағының 13) тармақшасында көрсетілген адамдар бас бостандығынан айыру орындарынан босату, пробация қызметінің есебінде тұру фактісін растайтын құжаттарды ұсынады.
Осы Қағидалардың 6-тармағының 15) тармақшасында көрсетілген адамдар өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан үшін табысы туралы мәліметтерді, қайтыс болу фактісін, сондай-ақ қайтыс болуды тіркеу кезінде қайтыс болған адамды жұмыссыз ретінде тіркеу фактісін растайтын құжаттарды ұсынады.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырып тексерілгеннен кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап тағайындалады.».
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |