с
Рудный қалалық мәслихатының «Рудный қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесін бекіту туралы» шешімінің жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №347 бұйрығына, «Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №181 бұйрығына сәйкес әзірленді.
Бұл жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және / немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылған: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14897120